16 Қыркүйек 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 447.88 ₸
    EUR EUR 516.58 ₸
    RUB RUB 5.29 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанда реттелетін криптонарық көлемі 30 есе өсті

    15 Қыркүйек, 2026
    Қазақстанда реттелетін криптонарық көлемі 30 есе өсті

    Фото: © freepik.com / frimufilms

    Қазақстанда Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) арқылы жұмыс істейтін реттелетін цифрлық активтер нарығы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында АХҚО басқарушы директоры Еркеғали Еденбаев айтты.

    АХҚО өкілінің сөзінше, Қазақстанда цифрлық активтер нарығын институционалды түрде дамыту 2019 жылы басталған. Сол кезде орталық базасында FinTech Lab зертханасы іске қосылып, жаңа қаржы технологияларын сынауға мүмкіндік беретін алаң құрылған.

    Содан бері цифрлық активтер секторын реттеуге арналған 25-тен астам нормативтік құжат қабылданған. Бұл шаралар нарықтағы қатысушылардың қызметін бақылауға, инвесторлардың құқықтарын қорғауға және жаңа технологиялардың дамуына жағдай жасауға бағытталған.

    Қазір АХҚО алаңында цифрлық активтер саласында 35 компания лицензия негізінде жұмыс істейді. Олардың қатарында 11 цифрлық активтер биржасы, 16 инвестициялық қызмет көрсетуші және сегіз төлем ұйымы бар. Реттелетін платформалар арасында әлемге танымал Binance пен Bybit те бар.

    Нарықтағы операциялар көлемінің өсуі де байқалады. Мәселен, 2023 жылы лицензияланған цифрлық активтер нарығындағы операциялар шамамен 320 млн долларды құраған. 2025 жылы бұл көрсеткіш 10,5 млрд долларға дейін жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы алты айында операциялар көлемі 5,5 млрд долларға жуықтаған.

    Нарыққа қатысушылар саны да бірнеше есеге артқан. Егер 2023 жылы АХҚО арқылы реттелетін цифрлық активтер нарығында 53 мың клиент болса, қазіргі уақытта олардың саны 270 мыңға жетіп отыр.

    Енді АХҚО алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – қазақстандық инвесторлардың шетелдік криптоплатформалардағы операцияларын заңмен реттелетін қазақстандық ортаға тарту.

    Еркеғали Еденбаевтың айтуынша, сарапшылар әлем бойынша қазақстандық азаматтарға тиесілі криптоәмияндардың саны шамамен 1 миллион болуы мүмкін деп бағалайды. Қазіргі уақытта бес халықаралық криптоплатформа АХҚО-дан лицензия алу үшін өтініш берген. Олардың екеуі әлемдегі ең ірі он криптобиржаның қатарына кіреді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Ақтөбеде дінді желеу еткен күдіктілер ұсталды: ауыр қылмысқа дайындалған

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстанда реттелетін криптонарық көлемі 30 есе өсті

    Ақтөбеде дінді желеу еткен күдіктілер ұсталды: ауыр қылмысқа дайындалған

    Индонезия жағалауында жолаушылар кемесі аударылды: 129 адам іздестіріліп жатыр

    Қазақстанда ЭКҰ көмегімен 15 мыңға жуық сәби дүниеге келген

    Құрылтай қоғамдық қабылдауын іске қосты

    Астанада төбелес кезінде қару қолданған ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 447.88 ₸
    EUR EUR 516.58 ₸
    RUB RUB 5.29 ₸

    © 2025 TauNews