3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазақстанның жер сілкінетін өңірлерінде құрылыс қалай жоспарланады

    8 Қазан, 2025
    Қазақстанның жер сілкінетін өңірлерінде құрылыс қалай жоспарланады

    Фото: istockphoto.com

    Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мәжілісте бірінші оқылымда қаралып жатқан Құрылыс кодексінің жобасында сейсмикалық аймақтарда қала құрылысын жоспарлау  мәселесі қалай шешілгенін айтты.

    Министрдің айтуынша, Қазақстан сейсмикалық қауіптілігі жоғары елдердің қатарына кіреді. Ел аумағының 45 пайыздан астамы жойқын жер сілкінісі қаупі бар аймақтарға жатады. Әсіресе Алматы қаласы мен Алматы облысы, сондай-ақ халық пен инфрақұрылым шоғырланған Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

    «Осыған байланысты ұлттық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа Құрылыс кодексінде осы мәселеге арналған жеке тарау енгізіледі. Нормалар кешенді түрде сейсмикалық қатерді бағалауды, жаңа нысандарды сейсмо-оқшаулау технологиясымен жобалауды, құрылыс алаңдарын таңдау мен бірінші деңгейдегі маңызды нысандарға инженерлік-сейсмометриялық бақылау жүргізуді көздейді. Сонымен қатар, қауіпті бағалау – аймақтың ерекшелігі мен нысандардың сипатына қарай ықтимал шығындарды есептеу, тәуекел карталарын жасау, ғимараттардың төзімділігін бағалау мен қауіпті өңірлердегі нысандарды техникалық паспорттауды қамтиды», – деді Нағаспаев Мәжілістің жалпы отырысында.

    Айтуынша, белгілі бір қала не елді мекен сейсмикалық микроаймақтарға бөлінеді. Оның карталары қала құрылысын жоспарлау кезінде міндетті түрде пайдаланылады.

    «Сондықтан, жаңа Кодекске сейсмикалық қауіпсіздік бөлімін енгізу стратегиялық маңызды қадам. Ол халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауға, салаға заманауи ғылыми-технологиялық негіз қалыптастыруға жағдай жасайды», – деп сендірді ведомство басшысы.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    «Қайраттың» тағы бір қақпашысы Темірлан Анарбековке де ректорлық грант берілді

    Келесі жазба

    Қазақстанда педофилдерге түрмеден шығуына жарты жыл қалғанда химиялық кастрация жасалады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews