6 Қыркүйек 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Қазір пациенттердің көбі ауруының себебін ChatGPT-дан іздейді – Аймағамбетов

    18 Қыркүйек, 2025
    Қазір пациенттердің көбі ауруының себебін ChatGPT-дан іздейді – Аймағамбетов

    Фото: freepik.com

    Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов медицина саласында жасанды интеллектіні қолдануға дайындық әлсіз екенін мәлімдеді.

    Мәжілісте «Әлеуметтік салада жасанды интеллектті қолдану» тақырыбына арналған дөңгелек үстелде депутат медицина саласындағы жасанды интеллектіге қатысты сұрақ көп екенін айтты.

    «Алдымен әдістемелік және тұжырымдамалық мәселелерді шешу қажет, әсіресе медицина саласында. Бүгінгі күні бұйрықтар мен нормативтік құқықтық актілер жеткіліксіз. Реттеу әлсіз. Әріптестеріміз де ақпараттық жүйелер мен интернетті дәл қазір дайын деп айтуға болмайды деп отыр. Деректерді талдау мен жүйелерді оқытуға арналған унификацияланған база да аз», – дейді Аймағамбетов.

    Айтуынша, дәрігерлердің дағдылары да жеткіліксіз.

    «Қазір пациенттердің көбі ChatGPT қолданатынын білеміз, олар оған өз деректерін жүктейді де, тікелей жауап алады. Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі бұған қаншалықты дайын және дәрігерлермен хаттамалар бойынша қалай жұмыс істейді? Себебі бұл – маңызды сұрақ. Емдеу хаттамаларының өзі де көптеген сұрақ туындатады. Ақпараттық жүйелердің жұмысы қалай реттеледі? Ақпаратқа қандай талаптар қойылады? Өйткені бұл жеке деректер ғой: анализ нәтижелері, рентген суреттері, МРТ. Оларды әртүрлі жүйелерге жүктеген кезде этикалық мәселелер, киберқауіпсіздік пен деректерді қорғау мәселелері туындайды. Чат-боттардың жұмысы әзірге жеткілікті деңгейде реттелмеген», – деп сынады мәжілісмен.

    Аймағамбетов медицина саласында әзірге жауаптан гөрі сұрақ көп дейді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Әзербайжанда туыстар арасындағы некеге тыйым салынғаннан кейін үйлену тойы күрт азайды

    Келесі жазба

    Қазақстанда енді мас жүргізушілерді басқа жолмен анықтайды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Көкпардан шешуші кездесу: Қазақстан Қырғызстанмен финалда ойнайды

    Алматыда жаяу жүргіншілердің алдында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

    «Дуасын қайтарып береміз»: Қазақстанда алаяқтар жаңа тәсілге көшті

    Түркістан облысында ер адам 25 жыл бірге тұрған әйелін пышақтап өлтірді

    Қапшағайда гидроцикл адам қағып, әйел мен жасөспірім жарақат алды

    Астанада екі қабатты үйден алапат өрт шықты

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸

    © 2025 TauNews