4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Салтанат Нүкенованың есімі «Ұлттық жады қабырғасына» жазылған: әкімдік маңызды мәлімдеме жасады

    6 Қазан, 2025
    Салтанат Нүкенованың есімі «Ұлттық жады қабырғасына» жазылған: әкімдік маңызды мәлімдеме жасады

    Фото: instagram.com/aitym

    Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында тараған «Салтанат Нүкенова есімі жазылған тақта «Ұлттық жады қабырғасы» мемориалында орналасқан» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл туралы Амангелді ауданының әкімдігі мәлім етті.

    Аудан әкімдігінің мәліметінше, 2020 жылдан бастап Қостанай облысы Амангелді ауылында меценаттың бастамасымен көпфункционалды туристік кешеннің құрылысы жүргізіліп келеді.

    Бүгінгі күні кешен аумағында пирамида, «Аль-Гамбра» кафесі, «Бразилия» қонақ үйі, Эйфель мұнарасының, Нью-Йорктегі «Бостандық мүсінінің», Мексикадағы Майя өркениетінің Чичен-Ица пирамидасының көшірмелері, балаларға арналған спорт алаңшалары және өзге де нысандар салынған.

    «Туристік хаб аумағында «Ұлттық жады қабырғасы» атты мемориалдық қабырға орналасқан. Онда тарихи тұлғалардың есімдері жазылған 296 ескерткіш тақта орнатылған. Аталған мемориалдық қабырға 2024 жылғы 23 мамырда монументалды өнер нысандарын орнату жөніндегі республикалық комиссиямен келісілген. Қазіргі уақытта мемориалдық қабырға жергілікті атқарушы органның балансына берілген.

    Сонымен қатар, меценаттың жеке бастамасымен туристік кешен аумағындағы («Ұлттық жады қабырғасына» қатысы жоқ) жеке меншік қайырымдылық қорына тиесілі жабық нысандардың бірінде тарихи тұлғалар мен оқиғалардың атаулары жазылған бірнеше ондаған тақта орнатылған. Сол тақталардың қатарында Салтанат Нүкенова есімі жазылған тақта да бар. Тағы да атап өтеміз: бұл тақталар меценаттың жеке бастамасымен қойылған», – делінген Амангелді ауданының әкімдігі таратқан хабарламада.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанның шығыс өңірлерінде 13 градус аяз болады: синоптиктер болжамы жарияланды

    Келесі жазба

    Астанада бір тұрғын үй кешенінің ақшасын тұтастай «жұта салған» директор 7 жылға сотталды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews