10 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Теміртауда есірткі саудасынан 2,4 млрд теңге тапқан ер адам 20 жылға дейін сотталуы мүмкін

    18 Қыркүйек, 2026
    Теміртауда есірткі саудасынан 2,4 млрд теңге тапқан ер адам 20 жылға дейін сотталуы мүмкін

    Фото: Бас прокуратура/Видеодан скрин

    Теміртау қаласында есірткі өндіріп, оны заңсыз таратқан ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі Ресейден Қазақстанға жеткізілді. Күдікті қылмыстық қудалаудан бой тасалап, шетелге қашып кеткен.

    Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті Ресей аумағында ұсталып, Қазақстан тарапының сұрауы бойынша елге экстрадицияланған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Тергеу деректеріне сәйкес, топ мүшелері дайындаған психотроптық заттарды Қарағанды облысының аумағында өткізген. Қылмыстық қызметтен түскен қаражатты заңдастыру үшін әртүрлі қаржылық операциялар жүргізілген.

    Атап айтқанда, күдіктілер криптоайырбастау сервистері арқылы 1,8 млрд теңгеден астам қаражатты өткізген. Сонымен қатар 600 млн теңгеден астам ақша жылжымайтын мүлік, коммерциялық нысандар мен автокөлік сатып алуға жұмсалған.

    Құқық қорғау органдары заңсыз жолмен алынған активтерге тыйым салып, оларды тәркіледі. Бұдан бөлек, қылмыстық топ мүшелерінен шамамен 10 келі мефедрон тәркіленген.

    Бас прокуратураның хабарлауынша, топтың кейбір мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қазір сотта қаралып жатыр. Ал басқа күдіктілердің бір бөлігі әлі де іздеуде. Олардың қатарында шетелде жасырынған адамдар да бар.

    Осы іс бойынша Ресейден экстрадицияланған күдікті қазір қамауда отыр. Оған тағылған айыптар сотта дәлелденген жағдайда, мүлкін тәркілеумен қатар 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Бұған дейін аталған қылмыстық топтың тағы бір белсенді мүшесі Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланған болатын.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Астанада орталық көшелердің бірі бірнеше аптаға жабылады

    Келесі жазба

    Астанада мас ер адам бөтен пәтерге кіріп, үш баланың жанында ұйықтап қалған

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Елордада әскери авиация ұшып, жол қозғалысына шектеу қойылды

    Шымкентте 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн-казино қызметі анықталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews