10 Қазан 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Астанада мас ер адам бөтен пәтерге кіріп, үш баланың жанында ұйықтап қалған

    18 Қыркүйек, 2026
    Астанада мас ер адам бөтен пәтерге кіріп, үш баланың жанында ұйықтап қалған

    Фото: ЖИ

    Астанада тұрғындардың бірі әлеуметтік желіде бөтен адамның пәтерге кіріп, үш кішкентай баланың жанында ұйықтап қалғанын айтып, оқиға туралы жазба жариялады. Оқиға 12 қыркүйекте болған.

    Жазба авторының мәліметінше, сол күні балалардың анасы шамамен сағат 10:35-те жұмысқа кеткен. Үйде 6, 4 және 2 жастағы үш бала қалған. Кейін олардың әкесі әйеліне хабарласып, жұмыстан үйге қайтып келе жатқанын айтқан.

    Шамамен сағат 11:00-де ер адам үйіне келгенде, пәтер есігінің тұтқасы сынғанын байқаған. Сонымен қатар кіреберістен өзіне тиесілі емес аяқ киімді көрген. Үйдің ішіне кірген кезде үш баласының жанында бейтаныс ер адамның ұйықтап жатқанын анықтаған.

    Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, балалардың әкесі алдымен бейтаныс адамды тыныш оятып, пәтерден шығарып жібермек болған. Алайда ер адам оған қарсылық көрсетіп, жұдырық ала жүгіріп, соққы жасаған.

    Оқиға балалардың көз алдында болған. Қорыққан балалар жылап, көмекке шақырған. Олардың дауысын естіген көршілер пәтерге келіп, балаларды қауіпсіздік мақсатында өз үйлеріне кіргізген. Кейін полиция шақырылып, балалардың анасына болған жағдай туралы хабар берілген.

    Оқиғаның мән-жайы мен бөтен адамның пәтерге қалай кіргені туралы ақпарат әлеуметтік желідегі жазбада баяндалған.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Теміртауда есірткі саудасынан 2,4 млрд теңге тапқан ер адам 20 жылға дейін сотталуы мүмкін

    Келесі жазба

    Атырауда имам Жайыққа ағып бара жатқан 8 жастағы баланы құтқарып қалды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстан мен Оман арасында екі жаңа әуе бағыты ашылады

    Автобуста қызға тиісіп, балағаттаған қазақстандық әкімшілік қамаққа алынды

    Қазақстанда бір апта ішінде пияз, қант және алма арзандады

    Павлодар облысында әлеуметтік желі арқылы танысқан ер адамға барған әйел далада адасып кеткен

    Елордада әскери авиация ұшып, жол қозғалысына шектеу қойылды

    Шымкентте 3,1 млрд теңгелік заңсыз онлайн-казино қызметі анықталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 453.93 ₸
    EUR EUR 508.72 ₸
    RUB RUB 5.35 ₸

    © 2025 TauNews