Атырау қаласындағы «Парасат» мешітінің ұстазы Сержан Тұрақбайұлы Жайық өзеніне ағып кеткен сегіз жасар баланы құтқарып қалды.
Оқиға кезінде баланың суға кеткені туралы хабарды естіген мешіт ұстазы бірден көмекке ұмтылған. Оған басқа да азаматтар қосылып, өзенге түскен. Іздеу барысында баланы су астынан тауып, жағаға алып шыққан.
Сержан Тұрақбайұлы балаға дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Көп ұзамай бала есін жиып, қайтадан тыныс ала бастаған.
Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің мәліметінше, оқиға кезінде батылдық танытып, адам өмірін сақтап қалған азаматтарды аудан әкімінің міндетін атқарушы Фархат Шахметов қабылдаған.
Кездесу барысында азаматтарға алғыс айтылып, көрсеткен ерлігі атап өтілді. Сержан Тұрақбайұлына Индер ауданы әкімінің атынан Алғыс хат табысталды.
Мешіттің ресми парақшасында ұстаздың қиын сәтте өз өмірін қатерге тігіп, баланың өмірін сақтап қалуға көмектескені атап өтілген.
USD