3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Трамп шетелден келетін дәрі-дәрмекке 100 пайыз баж салығын енгізеді

    26 Қыркүйек, 2025
    Трамп шетелден келетін дәрі-дәрмекке 100 пайыз баж салығын енгізеді

    Фото: Freepik

    АҚШ президенті Дональд Трамп жаңа тарифтік шараларды жариялады. Оның айтуынша, 1 қазаннан бастап елге келетін фирмалық немесе патенттелген дәрілерге 100% кедендік баж салығы салынады.

    Бұл талап тек АҚШ аумағында зауыт салмаған компанияларға қатысты болмақ.

    Сонымен қатар Вашингтон ауыр жүк көліктеріне 25%, ас үй мен жуынатын бөлме шкафтарына 50%, ал келесі аптадан бастап жұмсақ жиһазға 30% баж салығын енгізбек. Президент бұл шараларды «шетелдік тауарлар ағымының артуымен» түсіндіріп, америкалық өндірушілерді қорғау қажеттігін алға тартты.

    Жаңа тарифтер Ұлыбритания, Ирландия, Германия, Швейцария және Жапония секілді ірі фармацевтикалық өндірушілерге қатысты болуы мүмкін.

    Ирландияның сауда министрі Саймон Харрис ЕО мен АҚШ арасындағы келісімге сәйкес, ЕО-дан әкелінетін дәрілерге салынатын кез келген баж салығы 15%-дан аспайтынын айтты.

    Ұлыбритания үкіметі Трамптың шешіміне алаңдаушылық танытты. БҰҰ мәліметіне сәйкес, өткен жылы Ұлыбритания АҚШ-қа 6 млрд доллардан астам фармацевтикалық өнім экспорттаған.

    АҚШ Сауда палатасы Трамптың шешімін сынап, жүк көліктерінің бөлшектері негізінен Мексика мен Канададан әкелінетінін, бұл елдер Вашингтонның басты одақтастары екенін атап өтті. Сарапшылардың айтуынша, импортқа тәуелділік өндіріс шығындарын өсіріп, көлік бағасын қымбаттатуы мүмкін. Трамптың тарифтік саясаты оның екінші президенттік мерзіміндегі негізгі экономикалық бағытына айналып отыр. Бұған дейін ол болат, мыс, алюминий және автокөлік бөлшектеріне де баж салығын енгізген еді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстанда онкоскрининг енді тегін болады

    Келесі жазба

    Тоқаев Алатау қаласына ерекше мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews