5 Қыркүйек 2026, Сенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    ҰБТ халықаралық тестке айналады: Қазақстанның оқушыларын не күтіп тұр

    22 Қыркүйек, 2025
    ҰБТ халықаралық тестке айналады: Қазақстанның оқушыларын не күтіп тұр

    Фото: pixabay

    Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны мен әдістемесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, ҰБТ-ны халықаралық тестке айналдыруды жоспарлап отыр.

    Бұл мәселе Нью-Йоркте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Educational Testing Service (ETS) компаниясының басшылығымен өткен кездесуде талқыланған. Кездесу қорытындысы бойынша сұхбат берген ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, ETS мамандары Ұлттық бірыңғай тестілеудің мазмұны мен әдістемесін қайта қарастырып, сапалы сұрақтар әзірлеуге атсалысады.

    «Сексен жылдық тарихы бар, ең ірі тест жасайтын және тестологияны зерттейтін ғылыми орталық – атақты ETS, яғни Educational Testing Service компаниясымен кездесу өтті. Қазіргі таңда біздің ұлттық бірыңғай тестілеудің сапасын күрт өзгерту, мазмұнын толыққанды қарастыру жұмысы осы ең ірі ғылыми орталықпен бірлесіп атқарылады. Келесі айда үлкен зерттеушілер делегациясы Қазақстанға келеді. Осы жұмысты біз жүйелі түрде атқаратын боламыз», – деді Саясат Нұрбек.

    Министрдің айтуынша, арнайы жұмыс тобы құрылады.

    «ETS мамандарының қатысуымен және олардың жетекшілігімен ҰБТ-ның әдістемесі мен мазмұны тереңінен қайта қаралады. Әлемдік деңгейдегі ең үздік мамандар ҰБТ-ны әдістемесі ең озық және сұрақтары өте сапалы халықаралық тестке айналдыру үшін көп кезеңді жұмысқа тартылады», – деп түсіндірді шенеунік.

    Айта кетері, Нью-Йоркте жұмыс сапарымен жүрген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Educational Testing Service (ETS) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры Амит Севакты қабылдады. Әңгімелесу барысында мемлекет басшысы ETS компаниясының білімді тестілеу мен бағалау саласында көш бастап келе жатқанына ерекше назар аударды.  Президенттің айтуынша, Қазақстан білім беру жүйесінде компанияның тәжірибесін зерделеу мен пайдалануға қызығушылық танытады.

    Ұйым жылына әлемнің 180 еліне 50 миллионнан аса тест әзірлейді әрі әкімшілендіреді, сондай-ақ ұлттық білім беру жүйесіне арналған бейіндік шешімдерді ұсынады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Тамырдан ажырату теоремасы

    Келесі жазба

    Алдағы күндері ауа райы 28 градусқа дейін ысиды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Көкпардан шешуші кездесу: Қазақстан Қырғызстанмен финалда ойнайды

    Алматыда жаяу жүргіншілердің алдында дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды

    «Дуасын қайтарып береміз»: Қазақстанда алаяқтар жаңа тәсілге көшті

    Түркістан облысында ер адам 25 жыл бірге тұрған әйелін пышақтап өлтірді

    Қапшағайда гидроцикл адам қағып, әйел мен жасөспірім жарақат алды

    Астанада екі қабатты үйден алапат өрт шықты

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 456.56 ₸
    EUR EUR 530.52 ₸
    RUB RUB 5.28 ₸

    © 2025 TauNews