3 Мамыр 2026, Жексенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    «Жаттықтырушының айлығы 145 мың теңге»: депутат футбол клубтарын жекеге беруді ұсынды

    17 Қыркүйек, 2025
    «Жаттықтырушының айлығы 145 мың теңге»: депутат футбол клубтарын жекеге беруді ұсынды

    Фото: istockphoto.com

    Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев Қазақстандағы футбол клубтарын қаржыландыру мәселесін көтеріп, оларды жекешелендіруді және жаттықтырушылардың еңбекақысын арттыруды талап етті.

    «Бүгінгі депутаттық сауалыма ала доптағы алабөтен мәселе себеп болды. Мемлекет басшысы Жолдауында: «Футбол клубтарын жекешелендіруге қатысты жұмысты тездету керек. Мұндай қадамсыз Қазақстанда футбол дамымайтынын әлемдік тәжірибеден көріп отырмыз» деді. Расында қазақстандық футбол клубтары қақпаға гол салудан гөрі, қазынаға қол салуды жақсы меңгерген. Ал біз олардың бюджетке таласқандай жасыл алаңда допқа таласқанын қалаймыз. Себебі қазіргі нәтижелері қарын ашырады. Әлемдегі белді доп додасына жолдама алған жалғыз клуб қалғандарына қорған бола алмайды», – деді депутат.

    Нартай Сәрсенғалиев 2024 жылы 13 футбол клубын қаржыландыруға 27,3 млрд теңге жұмсалғанын еске салды.

    «Бюджет тапшы боп жатқанда футболға ақша таба қалатын өңір басшыларының шешімін шынымен түсінбейміз. Себебі биыл да аяқдоп аямай асапты», – деді ол.

    Депутат айтқандай, 2025 жылы Премьер-лигада ойнайтын «Ордабасы» клубына 3,2 млрд теңге, «Ақтөбе» клубына 2,1 млрд теңге, «Қызыл-Жар» клубына 2 млрд теңге бөлінген. Ал «Астана» футбол клубы «Самұрық-Қазынадан» 5,3 млрд теңге алған.

    «Жалпы есеппен 2025 жылы Премьер-лига клубтарына 24 млрд теңге, Бірінші лига клубтарына 7,7 млрд теңге берілген. Сәйкесінше Қазақстанның қамбасынан 2025 жылы футболға 31 799 143 000 теңге жұмсалды деп ресми айтуға болады», – деді депутат.

    Сәрсенғалиев футбол клубтарын жекешелендіру арқылы бюджет қаражатын үнемдеуге болатынын атап өтті.

    Оның айтуынша, үнемделген қаржыны жаттықтырушылардың жалақысын көтеруге бағыттау қажет.

    «2025 жылы еңбек жолын енді бастаған жаттықтырушы 117 мың теңге алса, жоғары санатты жаттықтырушы 145 115 теңгеге күн көруге мәжбүр. Бұл бұқаралық спорттың дамуына кері әсер етеді. Салдарынан жаттықтырушылар жаппай білім саласына кетуде. Сондықтан мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық футбол клубын жедел түрде жекешелендіріп, олардың қаржысының қайда жұмсалғанын толық тексеру керек. Сондай-ақ Үкіметтің №1193 бұйрығына өзгеріс енгізіп, дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы жаттықтырушылардың еңбекақысын арттыру қажет», – деді ол.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Алматыда экс-әйелінің жағын сындырып, өзін өлімші етіп сабаған еркек қамауға алынды

    Келесі жазба

    Астанада қызметтік ит жүргізушінің шұлығынан есірткі тауып алды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews