присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Армения мен Әзірбайжан шекарасында әскери күш қолданбайды

15 қыркүйек 2022 15:27
Армения мен Әзірбайжан шекарасында әскери күш қолданбайды

Армения мен Әзірбайжан шекарасында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) қатысуымен әскери күш қолдану туралы әңгіме жоқ. Бұл туралы бейсенбі, 15 қыркүйекте өткен брифинг барысында ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы Анатолий Сидоров хабарлады.

Анатолий Сидоров ҰҚШҰ жанжалды бейбіт жолмен шешуге үміттенетінін қосты.

«Армения мен Әзірбайжан шекарасында ҰҚШҰ-ның қатысуымен әскери күш қолдану туралы әңгіме жоқ. Маған жеткен ақпаратқа сәйкес, тараптар атысты тоқтату туралы келісімге келген және бұл келісім сақталып жатыр. Алдағы үдерістер қарусыз, бейбіт жолмен шешіледі деп сенеміз»,- дейді ҰҚШҰ Біріккен штабының басшысы Анатолий Сидоров.

15 қыркүйекте миссия Армения мен Әзірбайжан шекарасындағы жекелеген аудандардағы ағымдағы жағдайды бағалау үшін жолға шығады.

Бұған дейін Ереван Бакуді шекарадағы қалаларды атқылады деп айыптаса, Әзірбайжан Арменияны диверсия мен арандатушылық жасады деп айыптады.

Армения Ресейден, ҰҚШҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен көмек сұрады.

ҰҚШҰ хатшылығы 13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзірбайжан шекарасында болған қақтығыс туралы айтты. Армения мен Әзірбайжан шекарасында болып жатқан жанжалды дипломатиялық жолмен шешу керек, деп мәлімдеді ҰҚШҰ.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру