Грузияда қарулы адам банкке келушілерді кепілге алды
20 қыркүйекте, яғни бүгін Кутаисидегі Руставели көшесінде Грузия банкіне басып кірген қарулы қарақшыны ұстау бойынша арнайы операция жүріп жатыр.
"Рустави 2" телеарнасының хабарлауынша, банкте 10 шақты адам болған. Олар әлі ғимаратта.
Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шабуыл туралы хабар түскен бойда полиция оқиға болған жерді дереу қоршауға алды.
Оқиға орнына жұмылдырылған тәртіп сақшылары барлық қажет және шұғыл шараны қабылдап жатыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Ішкі істер министрлігі БАҚ өкілдерін қауіпсіздік ережелерін сақтауға және полицияның нұсқауларын сол жерде орындауға шақырды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ