Қырғызстан алғашқы ұшқызсыз ұшағын шығарды
Қырғызстанда алғашқы ұшқызсыз ұшақ шықты.
Kaktus.media агенттігінің хабарлауынша, оны жергілікті инженерлер екі жылдан астам уақыт бойы құрастырған. Ұшатын аппарат «SAARA- 02» деп аталады. Жақында ол Баткен облысында сынақтап өтіп, лайықты бағасын алды. Ұшқышсыз ұшақ барлау және соғыста әскери-тактикалық қызметті атқарады.
Біздің инженерлер ұшқызсыз ұшақты құрастырумен екі жылдан аса уақыттан бері айналысты. Мұндай аппарат болашақта елдің қауіпсіздігіне қызмет етіп, шекараны қорғауда қызмет етеді, – делінген хабарламада.
Бұған дейін хабарланғандай, Иран да ұшқызсыз ұшақты көптеп шығарып келеді. Жақында Ресей президенті Владимир Путин қарудың осы түрін сұрау үшін 4 жылда бірінші рет Иранға ұшып барған болатын.
Қазір Ресей Иранның дрондарымен Украинаның қалаларын соққыға алып жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ