присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қырғызстанда Білім министрі 110 мың доллар парамен ұсталды

29 қыркүйек 2022 09:40
Қырғызстанда Білім министрі 110 мың доллар парамен ұсталды

Қырғызстан Білім және ғылым министрі Алмазбек Бейшеналиев пара алу кезінде ұсталды.

Бұл туралы «Кабар» агенттігі хабарлады.

Министр аса ірі көлемде пара алып жатқан кезде ұсталған.

Ол шетелдік студенттерді отандық жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде аса ірі көлемде (110 мың АҚШ доллары) пара алғаны үшін тергеліп жатыр, –  делінген хабарламада.

Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қылмыстық істі тергеу біткеннен кейін толық ақпарат беріледі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру