Садыр Жапаров халықты сабырға және биліктің әрекетін қолдауға шақырды
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығысқа байланысты халыққа үндеу жасады.
Қырғызстан басшысы Отанды қорғау қасиетті парыз, жауапкершілік және абырой екенін айтты.
«Отанын өмірден артық сүйген, қаза тапқан жауынгерлердің аналарына айтарым, нағыз батырларды тәрбиелеп өсірдіңіздер, мен сіздерге бас иемін. Олардың әрқайсысының ерлігі қырғыз халқының жадында мәңгі сақталады. Отан қорғау жолында қаза тапқан әрбір жауынгердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыcына ортақтасып, көңіл айтамын»,- деді Садыр Жапаров
Жапаров сонымен қатар қазір барлық мемлекеттік орган күшейтілген режимде жұмыс істеп, оқиғадан зардап шеккен отандастардың сауығып кетуіне қамқорлық жасап жатқанын айтты.
«Екі жыл бұрын біздің әскери қызметшілерге қару-жарақ, оқ-дәрілер жетіспейтін, олар ескі киім киген, бүгінде бәрі өзгерді. Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін моральдық жағынан да, материалдық жағынан да күш-қуат ала отырып, армия барлық жағынан күшейе түседі»
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ