Астанада бір жылда 28 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Нұр-Сұлтанда бір жыл ішінде жұмыспен қамту мәселесі бойынша 23 мыңнан астам адам қамтылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығына еңбек делдалдығы үшін 18 924 адам жүгінді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 23 240 адам қамтылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әкімдікте өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Байтасов 2021 жылғы жұмыс қорытындылары туралы айтып берді.
Мәселен, өткен жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға көмектесу шараларымен 23 240 адам қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 7 212 адам, ЖҚЖК жобаларына 260 адам жұмысқа орналастырылды, жастар тәжірибесіне 914 адам жіберілді. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарымен 185 адам, қоғамдық жұмыстармен 2 848 адам қамтамасыз етілді, «бірінші жұмыс орны» жобасына 91 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 2 адам қатысты, 200-ден астам қала тұрғыны қысқа мерзімді кәсіптік курстардан өтті. Сондай-ақ, «Бизнес Бастау» шеңберінде оқуға 1 384 адам жіберілді, нәтижесінде олардың 503-і мемлекеттік грант алды.
Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында 92 несие берілді, сауда, тамақ және тігін өнеркәсібі салаларында 590 бизнес-жоба қолдау тауып, төленді.
Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 2021 жылы 14 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып, 635 жұмыс орны құрылды.
Сонымен қатар, өткен жылы елордада 28 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, оның 24 мыңы – тұрақты жұмыс орындары. Биыл тағы 28,5 мың жұмыс орнын ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ