Биыл еліміз өнеркәсіп саласына 1,7 трлн теңге инвестиция салады
Биыл іске асырылып жатқан жобалардың инвестицияларының жалпы көлемі – 1,7 трлн теңге. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Министр осы жылы 165 жоба іске қосылатынын, қалған 498 жоба 2023-2026 жылдары жүзеге асырылатынын хабарлады.
«Биыл іске асырылып жатқан жобалардың инвестицияларының жалпы көлемі - 1,7 трлн теңге. Капиталды барынша қажет ететін, 820 млрд теңге көлеміндегі жобалар Атырау облысында іске асырылады. Жобалар санының аз болғандығына қарамастан, атап айтсақ 5 жоба, бір жұмыс орнына салынған инвестициялар көлемі 1 млрд теңгені құрайды. Инвестициялардың ең аз көлемі Павлодар облысына тиесілі – 7,4 млрд теңге», - деді Қ. Өскенбаев Үкімет отырысында.
Бүгінде капиталды ең аз қажет ететін жұмыс орындарын құру Батыс, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында болып отыр. Бұл өңірлерде бір жұмыс орнына шамамен 20-30 млн теңге жұмсалады.
«Мемлекеттік органдар бөлінісінде жағдай келесідей: 2022 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 107 жобаны, Ауыл шаруашылығы министрлігі 46 жобаны, Энергетика министрлігі – 5 жобаны және Денсаулық сақтау министрлігі 7 жобаны іске асыруға жауапты. Жобалар толық қуатымен жүзеге асырылған кезде 2,5 трлн теңгенің өнімі шығарылып, экспорттың жалпы көлемі 3,6 млрд АҚШ долларын құрайды деп жоспарлануда», - деді министр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ