присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақ әскерінің мәйіті Қырғызстандағы таудан асылған күйі табылды

11 сәуір 2022 09:29
Қазақ әскерінің мәйіті Қырғызстандағы таудан асылған күйі табылды

Жамбыл облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің «Андас батыр» бөліміне әскери борышын өтеуге кеткен Ұлықбек Бердішев Қырғызстандағы тауда асылып қалған күйінде табылды. Бұл туралы журналист Гүлмира Абықай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті. 

Айта кетейік, бұған дейін мал жайып жүрген қойшының қырғыз тауларының маңайынан әскери киім тауып алғанын хабарлаған. Оған дейін Қырғызстанның шекарасынан іздеуге рұқсат бермеген құтқарушылар осы дерек шыққан соң туыстарына көрші елдің шекарасынан өтуге рұқсат берген. 

Кеше, 10 сәуір күні туыстары қырғыз қойшысы киімдерін тапқан жерден 100 метр өтіп барып, сарбаздың мәйітін тапқан. 

«Киімнің ізімен барған туыстары жартастың ұшар басында ілініп тұрған Ұлықбектің денесін тапты»,-  деп жазады журналист. 

Айта кетейік, марқұм Қызылорда облысы Қазалы ауданының тумасы. Үйдің үлкен баласы, артында екі інісі мен екі қарындасы бар. 

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген сарбаз жоғалып кетті

Ұлықбек әскерге өткен жылдың қыркүйек айында келген. Әскери бөлімше таулы жерде орналасқандықтан, застава қызметкерлері оны соңғы рет мал суаруға кеткенде көрдік дейді. Оның жоқ екенін сарбаздар сапқа тұрған кезде ғана байқаған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру