Қазақстанда қаржы пирамидаларына алданғандар 54 млрд теңге жоғалтты
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 31 мыңнан астам азамат қаржы пирамидаларының құрбаны болған. Олар 54 млрд теңгеден астам қаражат жоғалтқан.
FinGramota.kz хабарлауынша, қаржы пирамидаларын құрушылар қатысушыларға аз ғана уақыт аралығында кепілді, жоғары табысқа кенелетіндеріне уәде беріп, қызықтырады. Алайда қатысушылардың белгілі бір саны мен тиісті қаражат жиналғаннан кейін ұйымдастырушылар ақшаны алып, ізін суытады.
«Сізді қаржы пирамидасына тартқан жағдайда, абай болыңыз. Оны мына белгілері арқылы танып-білуге болады:
• Кіріс жарнасын енгізуді ұсынады;
• Нарықтық деңгейден бірнеше есе артық жоғары пайда табатыныңызға кепілдік береді;
• Интернетте, оның ішінде әлеуметтік желілердегі жарнама компаниясы арқылы салымшыларды белсенді түрде тартады;
• Басқа клиенттерді тартқаны үшін сыйақы беруді уәде етеді;
• Компанияның қаржылық жағдайы туралы нақты ақпарат болмайды;
• Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген халықтың ақшалай салымдарын тартуға арналған лицензия немесе бағалы қағаздар нарығында қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы болмайды», - делінген хабарламада.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ