присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанда орташа зейнетақы 105 мың теңгеден асты

21 ақпан 2022 14:18
Қазақстанда орташа зейнетақы 105 мың теңгеден асты

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 234,7 миллиард теңгеден астам зейнетақы төленді. Зейнетақының орташа мөлшері 105 мың теңгеден асты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл қаңтарда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 234,7 миллиард теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыға 71,3 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 163,4 миллиард теңге бағытталды.
Ведомство ақпаратынша, бүгінде Қазақстанда 2 миллион 245 мың зейнеткер тұрады.

"1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қосқанда) 105 291 теңгені құрады", - делінген хабарламада.
Айта кетері, 2018 жылдың бірінші шілдесінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі әр алушыға оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, жеке тағайындалады.

Егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды. Содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады. Мысалы, 20 жыл жұмыс өтілі болса, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейінің 74%-ін, 30 жылда күнкөріс деңгейінің 94%-ін құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс деңгейінің 100%-і мөлшерінде белгіленеді.
Егер бір ай ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына МЗЖ бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.

Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынса, зейнетақы жасына жеткенде базалық зейнетақы соғұрлым көп болады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру