присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанда тағы бірнеше кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылады

20 сәуір 2022 16:31
Қазақстанда тағы бірнеше кәсіпорын мемлекет меншігіне қайтарылады

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады.

«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының (КСО) акциялары пакетінің 100%-ын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы «Темір Триумф» ЖШС-нің ұсынысы қабылдансын», — делінген Қаулы мәтінінде.

«КСО» АҚ Қазақстандағы 400-ден астам теміржол кірме жолдарының теңгерім ұстаушысы екенін атап өткен жөн.

Сондай-ақ сыйға тарту шарты бойынша «Integrity Solutions» ЖШС ақпараттық-коммуникациялық салада қызмет көрсететін «Soft Art» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 50%-ын республикалық меншікке береді.

«Bridge capital investments limited» жеке компаниясы мемлекетке тау-кен және өңдеу өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін «Акмолит» ЖШС, «Мархит» ЖШС, «Топаз-НС» ЖШС жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестерінің 100%-ын береді.

«КСО» АҚ акциялары және аталған серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына төлеуге беріледі», - делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру