"Қазақтелеком" басшысынан куәгер ретінде жауап алынды - Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Олжас Бектенов "Қазақтелеком" АҚ-тың бірінші басшысы Қуанышбек Есекеевтен куәгер ретінде жауап алынғанын айтты.
"Ол (Қуанышбек Есекеев - еск.) қазіргі басшы, ол әзірше іс бойынша қаралып жатқан жоқ. Одан куәгер ретінде жауап алынды", - деді Бектенов Мәжіліс алаңында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-қа қатысты лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды. Қылмыс жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ