«Қазгидромет» сәуір айының соңғы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
«Қазгидромет» РМК сәуір айының соңғы күндері жаңбырлы болатыны туралы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Taunews.kz
Сәуірдің соңғы күндерінде, Ақ теңіз аудандарынан Қазақстанның батыс аймақтарына циклон ауысады. Бірте-бірте ол шығыс бағытқа қарай жылжып, елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына әсер ете бастайды.
Синоптиктердің хабарлауынша осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр, ал 30 сәуірде республиканың батысында тіптен қатты жаңбыр жауады.
«Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстік жартысындағы ауа райын, 30 сәуірде Қазақстанның басым бөлігін қамтитын Оңтүстік циклон құрайды. Ол бұршақ пен дауылды әкеледі. Қазақстанның аумағы бойынша жел 15-20 м/с дейін күшейеді, ол оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпіні 23-28 м/с дейін жетеді», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ