присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«Нұр Жолы» кеден бекетінде сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды

01 наурыз 2022 13:55
«Нұр Жолы» кеден бекетінде сыбайлас жемқорлық фактісі анықталды

Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Осы жылдың 28 ақпанында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп Қытаймен шекарада «Нұр Жолы» кеден бекетінің бірқатар лауазымды тұлғаларының қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

Жүргізілген жедел біріктірудің нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаған қадағалау органының қызметкеріне жүргізілген тексеру бойынша мәселелерді оң шешкені үшін 50 мың АҚШ доллары мөлшерінде пара беру фактісі құжат түрінде рәсімделген.

Аталған факті бойынша «Нұр Жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды.

Сонымен қатар, уәкілетті экономикалық операторлардың бірінің өкілі тексерушілерге 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені, ірі көлемде тауар контрабандасын жасырғаны үшін ұсталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қаңтар айынан бастап Бас прокуратура қызметкерлерінің басшылығымен кеден бекеттерінде уәкілетті экономикалық операторлардың қызметіне тексеру жүргізілетіні белгілі.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру