присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Наурызда ҰБТ тапсырған үміткерлердің 65 пайызы ғана шекті балл жинай алды

25 наурыз 2022 16:07
Наурызда ҰБТ тапсырған үміткерлердің 65 пайызы ғана шекті балл жинай алды

Наурыз айындағы ҰБТ-ның аралық нәтижелері белгілі болды. Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тестілеуге қатысуға 105 мыңға жуық өтініш түсіп, олардың жартысынан көбі ҰБТ тапсырған. Үміткерлердің:  

  • 74,2%-ы қазақ тілінде,
  • 25,6%-ы орыс тілінде,
  • 0,2%-ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Талапкерлердің 65 пайызы шекті балл жинаса, орташа көрсеткіш 65 балды құраған. Ал ең жоғары балл – 134. 28 қатысушының нәтижесі 130 балдан асты.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру