Павлодарда жиырмаға жуық көшенің атауы өзгеретін болды
Көпшілік тыңдауға ұсынылған 30 көшенің 23-і талқылау кезінде жергілікті тұрғындар тарапынан оң қорытындыға ие болған болатын, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәлімдеуінше, 2021 жылдың 3 сәуірінде Павлодар қаласының кейбір көшелерін қайта атау мәселесі бойынша Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясымен көпшілік тыңдау өткізілді.
«Көпшілік тыңдауға ұсынылған 30 көшенің 23-і талқылау кезінде жергілікті тұрғындар тарапынан оң қорытындыға ие болды. 2021 жылдың 23 сәуірінде ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының отырысында қаралған 23 көшенің 17-не оң қорытынды берілді. Жергілікті тұрғындарға насихаттау жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты 5 көше өтпеді. Олар Ермаков көшесі, Теплов көшесі, Циолковский көшесі, Набережная көшесі, Р. Люксембург көшесі, Молодежная көшесі», - делінген хабарламада.
2021 жылдың мамыр айынан қайта атау жұмыстарына жарияланған мораторийге сәйкес ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясында қолдау тапқан көшелерді қайта атау жұмыстары тоқтатылған болатын.
Бүгінгі күні ономастика саласындағы заңнамалық актілерге сәйкес көше атауларын өзгерту бойынша басталған жұмыс қайта жандандырылды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ