Шығыс Қазақстанда ер адам танысын 5 млн теңгеге алдап кеткен
Шығыс Қазақстан облысында тұрғын 5 млн теңгесін алаяққа берген.
Өскемендегі Ертіс полиция бөліміне Шемонаиха ауданының тұрғынынан арыз түскен.
Ер адам танысы су құбырын салуға ақша сұрап, оның қаржысын иемденген. Шығын 5 млн теңгеден асқан.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция 42 жастағы күдіктіні ұстады.
Дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ