присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Стати ісі: Қазақстанның талабы Нью-Йорк сотында қайта қаралады

14 ақпан 2022 12:38
Стати ісі: Қазақстанның талабы Нью-Йорк сотында қайта қаралады

Нью-Йорк Федералды соты Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі қаржыгер Дэниел Чапмэнге және оның Argentem Creek ("Чапмэн") компаниясына қарсы молдовалық олигархтар Анатол мен Габриэль Статидің кең ауқымды алаяқтық схемаларындағы рөлі үшін, оның сот ісін қабылдамау әрекеттеріне қарамастан, жалғасады деп шешті. Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
11 ақпанда АҚШ округтік соты (Нью-Йорктің Оңтүстік округі):
Қазақстанның Чапмэнге қарсы талаптарын олар берілген Нью-Йорк штатының сотына қайтару туралы өтінішін қанағаттандырды.

Чапмэннің Қазақстан талаптарын қабылдамау туралы өтінішін, талап қоюшының талап қою құқығын сақтай отырып, қабылдамай тастады.
Чапмэннің Outrider талаптарын қарастырмау туралы өтінішін қабылдамады
Чапмэннің Outrider талаптарын ХСП-дағы төрелік тәртіпте қарауды мәжбүрлеу туралы өтінішін қанағаттандырды.
"Бұл - Қазақстан үшін өте маңызды жеңіс. Ол Чапмэнге қарсы сот ісін бастапқыда берілген сотта қарауды жалғастыруға мүмкіндік береді. Нью-Йорктегі талап-арызда анықталғандай, Чапмэн Статидің алаяқтығын шамамен 2012 жылы анықтаған, алайда оған қарсы құқықтық шаралар қолданудың орнына ол Қазақстанды және басқа да тұлғаларды алдау мақсатында Статимен заңсыз сөз байласқан", - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, Статидің алаяқтығы – анықталған факт. Ол Брюссель апелляциялық сотының 2021 жылғы қарашадағы шешімімен расталды. Онда сот Статидің Қазақстанға қарсы төрелік талқылауға дейін, оның барысында және одан кейін де алаяқтық әрекеттер жасады деген қорытындыға келді.
Жақында тағайындалған Қазақстан Республикасының әділет министрі Қанат Мусин бұл шешімге келесідей түсініктеме берді:

"Нью-Йорк сотының бүгінгі шешімі Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы және Стати мен оның сыбайластарын жауапкершілікке тарту жөніндегі жалғасып жатқан әрекеттеріндегі қуантарлық оқиға болып табылады. Енді Чапмэннің Стати алаяқтығына қатысқандығы АҚШ сотында толығымен ашылатын болады".

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру