присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

STOP-трафик: Алматыда бес жезөкшелер үйі анықталды

22 маусым 2023 11:21
STOP-трафик: Алматыда бес жезөкшелер үйі анықталды

Алматы қаласының полицейлері «STOP-трафик» жедел алдын алу операциясы кезінде бес жезөкшелер үйін анықтады.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының хабарлауынша, жезөкшелікпен айналысатын орындар, сондай-ақ адам саудасына қатысты басқа да заң бұзушылықтар анықталды. Іс-шаралар Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілді.

Жыныстық эксплуатацияның алдын алу мақсатында ойын-сауық мекемелерінде, моншаларда, сауналар мен қонақ үйлерде жедел алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылды. ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық істерді тіркеуге негіз болған жеңгетайлық пен жезөкшелікпен айналысудың 5 дерегі анықталды.

Сонымен қатар арнайы іс-шара барысында жаңа туған нәрестені сату әрекетінің жолы кесілді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Сондай-ақ емдік массаж жасайтын орынның атын жамылып, интимдік қызмет көрсетумен айналысқан екі массаж салонының заңсыз әрекеті анықталды, – деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру