Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысына инфляцияны болдырмау жөніндегі ақша-кредит саясатының іске асырылу барысы, сондай-ақ сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі тәуекел-қатерлерді ескере отырып, бағаның өсуін тұрақтандыруға бағытталған Ұлттық банктің жоспары жөнінде баяндалды.
Президентке валюта және ақша нарықтарындағы ахуал, елдің алтынвалюта резервтерінің жай-күйі, сондай-ақ былтырғы төлем теңгерімін алдын ала бағалау туралы есеп берілді.
Ғалымжан Пірматов Ұлттық банктің негізгі мандаты саналатын қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатының тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі пайымы мен жоспарын ұсынды.
Президент Ұлттық банктің 2022 жылға арналған жоспарымен танысқаннан кейін бірқатар нақты тапсырма берді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ