присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Тоқаев Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті

28 ақпан 2022 09:21
Тоқаев Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Француз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

 

Әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланды. 

Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті. 

Қасым-Жомарт Тоқаев алдында Еуропа одағының Президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескен болатын.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру