Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр - баспасөз хатшысы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.
"Әрине, Президент Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр. Бұл мәселе Владимир Путинмен өткен кездесуде талқыланды. Мемлекет басшысы келіссөз қорытындысы бойынша "жақсы жанжалдан, жаман болса да бітім артық" екенін айтты. Басқаша айтқанда, ымыраға келу үшін нәтижелі дипломатиялық келіссөздердің жалғасқанын жақтайды. Президенттің айтуынша, еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатын ұстанған жөн, оның үстіне бұл қағидат 2010 жылы қабылданған ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясы мәтініне де енгізілген", - деді Берік Уәли Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап беріп.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
31 мамыр 2022 11:26
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ