присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заң күшіне енді

03 наурыз 2022 09:18
Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Заң күшіне енді

2022 жылғы 2 наурызда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады. 

Заңның негізгі мақсаты жануарларға деген қарым-қатынасты құқықтық реттеу, оларға адамгершілік көзқарас таныту, жалпыға ортақ қабылданған этикалық құндылықтар аясында адамдар мен жануарлар арасындағы дұрыс қатынастың өлшемі болмақ.

Жаңа заң аясында азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеу идеологиясына басымдық беріледі. Мәселен бұл заң жануарларға ауырсынуды сезінетін қабілетті тіршілік иелері ретінде қарауға, жануарлардың өмірі, денсаулығы мен әл-ауқаты үшін иелерінің жеке жауапкершілігін арттырып, оларды қатыгездіктен қорғауға, халықтың моральдық және адамгершілік көзқарасын тәрбиелеуге негіз болады.

Атап айту керек, бұл Заң жануарларға қатысты иттерді төбелестіру, ветеринарлық операцияларды наркозсыз жүргізу, жануарларды жазасыз өлтіру, жануарларды тоздырып, дер кезінде көмек көрсетпеу, мейрімсіздікпен аулау сияқты жағымсыз көріністерге тосқауыл қояды.
 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру