Бельгия төрт күндік жұмыс аптасына көшпек
Бельгия билігі төрт күндік жұмыс аптасына көшуді мақұлдады. Жаңа ереже еңбек нарығындағы реформаның бір бөлігі болмақ. Мамандардың айтуынша, бұл пандемиядан кейінгі кезеңде халықтың қалпына келуі үшін бағытталған шешім. Бұдан былай компаниялар мен өндіріс орындарының қызметкерлері жұмысқа аптасына 4 рет қана шығады. Бұған қарамастан жалақы азаймайды. Десе де, бір күндік жұмыс уақыты мен жұмыс кестесінде өзгеріс болуы мүмкін. Осылайша жергілікті билік халықтың жұмыспен қамтылу көрсеткішін 2030 жылға қарай 70-тен 80 процентке дейін арттырмақ ниетте.
"Басты мақсат қызметкерлер мен компанияларға жұмыс уақытын дұрыс пайдалануға мүмкіндік беру. Осылайша баласы бар адамдар уақытын тиімді жұмсап, отбасымен көбірек уақыт өткізеді", – дейді Бельгия премьер-министрі Александр Де Кро.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ