Украинадағы ахуалға байланысты БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті
АҚШ-та өткен Украинадағы ахуалға байланысты БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің отырысына Владимир Зеленский онлайн қатысты.
Ұйымның қауіпсіздік кеңесіне алғаш рет видеоүндеу жолдаған Зеленский Ресейді өз әрекеті үшін қатаң жауапқа тартып, БҰҰ-мын реформалауды ұсынды.
"БҰҰ кепіл берген қауіпсіздік қайда? Ұйым бейбіт өмірді қамтамасыз ету үшін құрылған жоқ па? Басқыншыларды бейбітшілікке шақыру – бекер іс. Бұлай жалғаса берсе, әр мемлекет өз қауіпсіздігін сақтау үшін халықаралық құқық пен институттарға емес, қаруына ғана сенетін болады. Қазір бізге ұйымның нақты және нық қадамы қажет. БҰҰ-ның Ресейді өз құрамынан шығарғаны жөн, не болмаса бұл ұйым тарқауы керек. Бүгінде Украинада Ресей тарапынан Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін болмаған әскери қылмыстар жасалып жатыр", - Украина президенті Владимир Зеленский.
Кездесуде Зеленский Ресей тарапына қатысты бірнеше айып тағып, бұл үшін Мәскеуді қатаң жазалау керектігін алға тартты. Бұған Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Василий Небензя бұл айыптарды жоққа шығарып, Буча қаласындағы қатыгездікке Мәскеудің қатысы барына еш дәлел жоқ екенін айтты.
"Батыс елдері Ресейге қарсы арандатушылық әрекетті мықтап қолға алғандарын біз жақсы түсініп отырмыз. Алдағы уақытта Ресей әскерінің беделін түсіріп, оларды адам өлтіруші, жәбірлеуші ретінде көрсету үшін түрлі әрекеттер әлі де орын алатын көрінеді. Бұған Бучадағы оқиға дәлел. Қазір заманауи технологияның көмегімен кез келген видео жасап шығаруға болатынын білеміз", – деді Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Василий Небензя.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ