присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Владимир Зеленский НАТО-дан тағы да әскери көмек сұрады

25 наурыз 2022 09:40
Владимир Зеленский НАТО-дан тағы да әскери көмек сұрады

Президент Владимир Зеленский кеше НАТО саммитіне қатысушыларға үндеу жолдап, Украинаға тағы да жан-жақты әскери қолдау білдіруін сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Украина Ресей әскерімен бір айға жуық соғысып келе жатқанын атап өткен Зеленский Солтүстік Альянсты қазіргіден де көбірек қару-жарақпен қамтамасыз етуге шақырды. Сонымен қатар Ресейдің соғыста Украинамен шектелмейтінін де қаперге салды.   

"Украина әскері Ресеймен тең болмаса да бір айдан бері соғысып келеді. Біздің халқымыз бен қалаларымызды қорғау үшін Украинға жан-жақты әскери көмек қажет. Ешқандай шекктеусіз. Өйткені Ресей қолында бар барлық қаруын қолданып жатыр", – деді Украина Президенті Владимир Зеленский. 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру