присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Елімізде жылдың ең үздік хоккейшісі анықталды

30 қыркүйек 2020 15:33
Елімізде жылдың ең үздік хоккейшісі анықталды

Отандық «Барыс» және Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Даррен Диц екінші жыл қатарынан елдің үздік хоккейшісі ретінде танылды, деп хабарлайды Taunews.kz.  

«Қазақстанның үздік хоккейшісі» байқауының директораты 2019/2020 жылғы маусым лауреаты анықталатын дәстүрлі референдумның қорытындысын шығарды.    

Бұрынғы дәстүр бойынша, хоккей туралы жазатын және теледидарда хоккей тақырыбын жүргізетін тілшілерге олардың көзқарасы бойынша өткен маусымда өздерін ерекше танытқан ойыншылар «үштігін» атау ұсынылған болатын. Осы арқылы жыл хоккейшісі атағына тек қазақстандық спортшылар ғана емес, отандық клубтарда ойнаған легионерлер де қатысты. Бірінші орын үшін анкетада үш ұпай, екінші орын үшін екі және үшінші орынға бір ұпайдан есептелген.  

Ең үздік хоккейшіні анықтайтын тілшілер референдумында Канаданың 27 жастағы тумасы Даррен Диц 39 ұпаймен екінші жыл қатарынан жеңіске жетті. Айта кетейік, ол өткен жылы Қазақстан азаматтығын алған болатын.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру