«Қазгидромет» РМК мәліметінше, баяу жылжитын батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де әсер етеді. Осыған байланысты ауа райы құбылмалы болады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді және дауылды жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Мына өңірлер жаңбырлы болады:
- 9-11 маусым күндері республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде;
- 11 маусымда оңтүстік-шығысында.
Кезеңнің басында шығыс өңірлерде, ал кезеңнің ортасынан бастап оңтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.
Күндізгі ауа температурасы:
- еліміздің батысында +27…+35°С дейін жоғарылайды;
- солтүстігінде +17…+28°С дейін төмендейді;
- солтүстік-шығысында және орталығында аптап ыстықтың аздап бәсеңдеуі байқалып, +25…+33°С болады;
- оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +27…+35°С шамасында сақталады;
шығысында +32…+39°С дейін жететін ыстық ауа райы сақталады.
USD