9 Қараша 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 447.14 ₸
    EUR EUR 499.54 ₸
    RUB RUB 5.46 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Жаппай төбелес: Алматы полициясы алты адамды ұстады

    27 Шілде, 2026
    Жаппай төбелес: Алматы полициясы алты адамды ұстады

    Фото: © istockphoto.com

    Алматыда пышақ қолданылған жанжалдан кейін алты адам ұсталды

    Алматыда болған жанжал кезінде бір адам жарақат алған. Оқиғаға байланысты полиция алты жасты ұстады.

    Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 26 шілдеге қараған түні «102» арнасына Ақсай шағынауданында қолында пышағы бар бір топ жастың жүргені туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жанжал барысында ер адамның пышақ жарақатын алғанын анықтаған.

    Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, оқиғаға қатысы болуы мүмкін алты адамды ұстады. Күдіктілерді «Буран-308» экипажы анықтаған. Ұсталғандардың кейбірінің киімдерінен қанға ұқсас іздер табылып, тергеу үшін қажетті заттай дәлелдер тәркіленді.

    Барлық ұсталған азаматтар мән-жайды анықтау және қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу үшін Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

    Қазіргі уақытта полиция жанжалдың қалай болғанын, оған қатысушылардың әрқайсысының әрекетін және пышақ жарақатын салуға нақты кімнің қатысы бар екенін анықтап жатыр.

    Алматы қаласының полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Google Еуроодақтан 890 млн еуро айыппұл алды

    Келесі жазба

    Қазақстанның электр станцияларына 384 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Сыни сүзгі сенімнен адастырмайды

    Қазақстандықтарды алдап, шетелге бой тасалаған азамат Таиландта ұсталды

    Атырауда оқушы қызды пышақтаған жасөспірім 15 жылға сотталды: ата-анасына да шабуыл жасауды жоспарлаған

    АҚШ-та өкпе обырын ерте анықтау технологиясын әзірлеген қазақ ғалымы қайтыс болды

    Ақтөбеде ер адам бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

    Өзбекстанда ауруханаға түскен қазақстандық балалар елге оралды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 447.14 ₸
    EUR EUR 499.54 ₸
    RUB RUB 5.46 ₸

    © 2025 TauNews