26 Қазан 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 451.05 ₸
    EUR EUR 504.95 ₸
    RUB RUB 5.6 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Алакөлдің жағалауын жаңғыртуға 15,4 млрд теңге бөлінді: Берік Уәли президентке есеп берді

    9 Маусым, 2026
    Алакөлдің жағалауын жаңғыртуға 15,4 млрд теңге бөлінді: Берік Уәли президентке есеп берді

    Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады.

    Ақорданың мәліметінше, президентке Абай облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы төрт айдағы көрсеткіштері туралы есеп берілді.

    Берік Уәлидің айтуынша, өткен жылы өңірлік жалпы өнім көлемі 3,9 триллион теңгеге жетті. Биыл қаңтар-сәуір айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,8 пайызды құрады. Инвестиция көлемі 19,4 пайызға өсіп, өнеркәсіп, өңдеу секторы, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларында оң динамика сақталды.

    «Мемлекет басшысына инвестиция тарту бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндалды. Былтырдан бастап жалпы инвестициялық пулға кіретін жобалар саны 29-дан 112-ге дейін ұлғайды. Тартылатын инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеден 4,4 триллион теңгеге дейін артты. Ірі инвестициялық жобалар қатарында құны 577,5 миллиард теңге болатын «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы жүргізілуде. Семей қаласында құны 714 миллиард теңгені құрайтын жаңа жылу электр орталығы мен жалпы инвестиция көлемі 255 миллиард теңге болатын тау-кен байыту комбинатын салу жобалары жүзеге асырылып жатыр. Облыс әкімі арнайы экономикалық аймақ құру жұмыстары туралы да баяндады. Семей қаласында жоспарланған аймақта жалпы құны 400 миллиард теңгені құрайтын өндірістік жобаларды іске асыру және 2500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Үш ірі жоба бойынша ұсыныс келіп түсті», – делінген Ақорданың хабарламасында.

    Сол сияқты Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алакөл туристік аймағын дамыту барысы туралы ақпарат берілді. Биыл жағалау инфрақұрылымын жаңғыртуға 15,4 миллиард теңге бөлінген. Соның ішінде электр желілерін тарту және Үржар әуежайының терминалын реконструкциялау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 11,6 миллиард теңге қарастырылған.

    «Президентке өңірдегі инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қолға алынған жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, сумен жабдықтау, кәріз және жылу желілерін жаңарту, Семей қаласындағы жаңа көпір құрылысын аяқтау, тұрғын үй құрылысы мен жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары баяндалды. Кездесу соңында мемлекет басшысы өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, «Абайға құрмет» акциясын лайықты деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді», – деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Жасырын жиһад

    Келесі жазба

    Былтыр 2,4 трлн теңге бюджет қаражаты қайта бөлінген – Жоғары аудиторлық палата

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға аударып жатыр: сома 100 млрд теңгеден асты

    «Ұлттық қор – балаларға»: 7 миллионнан астам баланың шотына 2,5 млрд доллар аударылды

    Астанада Есіл өзенінің сағасы бір түнде тартылып қалды: жағалауды шағалалар басып кетті

    Астанада Есілдің құрғаған табанынан ноутбук пен пеш табылды

    Түркістан облысында дәрігерлер бір жастағы баланың өңешінен сырға алып шықты

    Ақмола облысында 77 жылқы ұрлады деген күдікпен әкесі мен ұлы ұсталды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 451.05 ₸
    EUR EUR 504.95 ₸
    RUB RUB 5.6 ₸

    © 2025 TauNews