16 Қараша 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.3 ₸
    EUR EUR 490.91 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы: Қазақстанда не қымбаттап, не арзандады?

    26 Мамыр, 2026
    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы: Қазақстанда не қымбаттап, не арзандады?

    Фото: istockphoto.com

    Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында азық-түлік инфляциясы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты қазіргі ахуал қаралды.

    2026 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясы 0,7 пайызды құрады. Жылдық көрсеткіш баяулап, 11,3 пайызға дейін төмендеген. Еске салсақ, 2025 жылдың желтоқсанында бұл көрсеткіш 13,5 пайыз болса, қаңтарда – 12,9, ақпанда – 12,7, наурызда 11,7 пайыз болған.

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі қатарынан үшінші апта бойы нөлдік деңгейде сақталып отыр. Бағаның тұрақталуына негізінен ірі өңірлер ықпал еткен. Астана мен Алматы қалаларында баға өсімі тіркелмеген. Ал Шымкент пен Түркістан облысында 0,1 пайызға төмендеу байқалған. Алматы облысында баға 0,5 пайызға, Ақмола облысында 0,9 пайызға арзандаған.

    Бағасы ең көп төмендеген өнімдердің қатарында қызанақ (-25,6%), қырыққабат (-18,7%), сондай-ақ күнбағыс майы, балық, қарақұмық жармасы мен ұн бар. Сонымен бірге кей көкөністер қымбаттап отыр. Атап айтқанда, пияз бағасы 28,6 пайызға, сәбіз 15,7 пайызға, картоп 10,4 пайызға өскен. Үкіметте жаңа өнім түсе бастағаннан кейін баға тұрақталады деп болжап отыр.

    Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, биыл ішкі нарыққа жаңа піскен көкөністер тұрақты әрі жүйелі түрде жеткізіліп жатыр. Бұған «Жасыл дәліз» тетігінің іске қосылуы мен импорттық өнімдер арқылы ішкі нарықты толықтыру әсер еткен.

    «KTJ Express» желісі арқылы көрші елдерден шамамен 20 мың тонна картоп, 10 мың тонна сәбіз, 6 мың тоннадан астам пияз және 22 мың тонна қырыққабат жеткізілді. Бұл маусымдық баға ауытқуын бәсеңдетіп, отандық өнім жаппай нарыққа шыққанға дейін өнім ұсынысын тұрақты ұстауға мүмкіндік берді», – делінген хабарламада.

    Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлының мәліметінше, Түркістан облысында ерте пісетін қырыққабатты жинау жалғасып жатыр. Жоспарланған 263,6 мың тоннаның 22 мамырдағы жағдай бойынша 158,6 мың тоннасы жиналған.

    Жалпы биыл 221,1 мың тонна картоп, 58,8 мың тонна пияз және 34,7 мың тонна сәбіз жинау жоспарланып отыр. Негізгі өнім көлемін Түркістан облысы қамтамасыз етеді. Қосымша жеткізілімдер Алматы облысы мен Жамбыл облысынан күтілуде.

    Үкімет мәліметінше, өнім жеткізу тізбегіндегі тиімсіз делдалдарды азайту және бүкіл сауда тізбегін ретке келтіру жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері әкімшілік айыппұл саны 14,5 пайызға көбейіп, 1,5 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалған. Бөлшек сауда нарығындағы 3,5 мыңнан астам сауда субъектісіне өнім жеткізетін 400-ден астам көтерме сауда өкілі жауапкершілікке тартылған.

    Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігі тауар өткізу желісіне цифрлық талдау жүргізуді жалғастырып жатыр. Жыл басынан бері электронды шот-фактуралардың 17 мыңнан астам тізбегі сараланып, сауда, салық және монополияға қарсы заңнаманы бұзуға қатысты шамамен 2,5 мың тәуекел анықталған.

    «Сауда үстемесін негізсіз көтеру жағдайлары тұрақты бақылауда. Жұмыс заңбұзушылықтардың жолын кесуге де, әділетсіз сауда тәжірибесінің алдын алуға да бағытталған», – деп атап өтті Үкіметте.

    Айжан Бижанова отандық өнімді ілгерілетуге бағытталған тәжірибелік жобаның нәтижесін де таныстырды. Nazarbayev University жанындағы Ұлттық аналитикалық орталық пен Magnum сауда желісі бірлесіп Астанадағы дүкендерде төрт апта бойы «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар баннерлер, стикерлер, сөре таспалары мен аудиохабарландыруларды пайдаланған.

    Нәтижесінде пилоттық дүкендерде қазақстандық ірімшік сатылымы 20 пайызға артқан. 1 шілдеден бастап бұл жобаны Қазақстан бойынша кеңейту жоспарланып отыр.

    Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин бақылау шараларын күшейтуді, оңтүстік өңірлердегі өндірушілермен ерте көкөністерді жеткізу жөніндегі келісімдерді жалғастыруды және аймақтарды арзандатылған астықпен қамтамасыз етуді тапсырды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Талдықорғанда жоғалып кеткен 7 жасар баланың денесі өзеннен табылды

    Келесі жазба

    Алакөлде 90 млн теңгенің малын ұрлағандар шартты түрде ғана жазаланған

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Марал Төлепберген Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

    Қазақстанда түсірілген Джеки Чан фильміне мамандар жеңілдетілген несие алған

    Астанада ҰҚК «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларын ұстады

    Қаскелеңде ер адам мектеп терезесін шағып, ғимаратқа заңсыз кірген

    Ақтауда мектептегі жанжал: директордың әйелі сот алдында жауап береді

    Бүлдіршіндерді ұрған тәрбиешілер сотталды: сот қандай шешім шығарды?

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.3 ₸
    EUR EUR 490.91 ₸
    RUB RUB 5.41 ₸

    © 2025 TauNews