19 Қараша 2026, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.16 ₸
    EUR EUR 487.29 ₸
    RUB RUB 5.4 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Алматыда сот тыйымына қарамастан көлік жүргізген 414 жүргізуші анықталды

    19 Қараша, 2026
    Алматыда сот тыйымына қарамастан көлік жүргізген 414 жүргізуші анықталды

    Коллаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

    Алматыда көлік жүргізу құқығынан айырылған 414 адам қайтадан рөлге отырған

    Алматыда сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, жолға қайта шыққан 414 жүргізуші анықталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Ведомствоның мәліметінше, аталған деректер жыл басынан бері тіркелген. Бұған дейін бұл азаматтар жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылған.

    Олардың қатарында мас күйінде немесе есірткі заттарын қолданғаннан кейін көлік басқарған, сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізушілер бар. Соған қарамастан, олар қайтадан көлік тізгініне отырған. Енді заң талаптарын елемеген азаматтар жауапкершілікке тартылады.

    Полиция өкілдері мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін ескертті. Соттың көлік жүргізуге салған тыйымын бұзғандар заң аясында жауап береді.

    Сонымен қатар бұған дейін Алматыда жолда қауіпті маневрлер жасаған екі жүргізуші анықталған болатын. Әкімшілік полиция қызметкерлері олардың жеке басын анықтап, екеуінің де 20 және 23 жастағы қала тұрғындары екенін хабарлады.

    Тексеру нәтижесінде жүргізушілердің қауіпсіздік белдігін тағу талабын бұзғаны және жолда қауіпті әрекеттерге барғаны расталды. Оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

    Полиция тұрғындарды жол ережелерін сақтауға және өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

    «Рөлдегі жауапсыздық бір сәтте қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін. Жол – жарыс алаңы емес. Жол қозғалысы ережелерін сақтап, өзіңіз бен өзгелердің өміріне қауіп төндірмеңіз», – деп ескертті ведомство өкілдері.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Токаев Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдады

    Келесі жазба

    Тоқаев шетелдік университеттер басшыларымен кездесіп, білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселесін көтерді

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Тоқаев шетелдік университеттер басшыларымен кездесіп, білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселесін көтерді

    Алматыда сот тыйымына қарамастан көлік жүргізген 414 жүргізуші анықталды

    Токаев Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдады

    Бас мүфти Астанадағы асабаларды жинап, тойдағы әдепсіз ойындарға қатысты ескерту жасады

    Петропавлда ащы кеспе мен энергетик ішкен ер адам жансақтау бөліміне түсті

    Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі 2027 жылдың соңында іске қосылады

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.16 ₸
    EUR EUR 487.29 ₸
    RUB RUB 5.4 ₸

    © 2025 TauNews