19 Қараша 2026, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.16 ₸
    EUR EUR 487.29 ₸
    RUB RUB 5.4 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Токаев Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдады

    19 Қараша, 2026
    Токаев Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдады

    Фото: Ақорда

    Тоқаев Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе берді

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгінгі форумда мәлімдеді.

    Президент Шымкент қаласын еліміздің оңтүстігіндегі ірі ғылыми және білім беру орталығына айналдыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Астана мен Алматы Қазақстанның зияткерлік, ғылыми және мәдени орталықтары ретінде қалыптасқан. Бұған осы қалаларда жетекші ұлттық жоғары оқу орындарының орналасуы да ықпал етіп отыр.

    Енді Шымкенттің де осы бағыттағы әлеуетін арттыру көзделіп отыр. Қалада халықаралық білім беру жобалары жүзеге асуда. Атап айтқанда, Arizona State University білім беру бағдарламасы енгізіліп, Түркияның Гази университетінің филиалы ашылған.

    Мемлекет басшысы оңтүстік өңірдегі жоғары білім мен ғылымды дамыту жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру керектігін айтты.

    «Мен халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдадым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президенттің сөзінше, Әуезов университеті – өңірдегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Қазіргі таңда Шымкенттегі әрбір бесінші студент осы білім ордасында білім алады.

    Сонымен қатар Мемлекет басшысы ұлттық мәртебе университетке ғана емес, оған жауапты министрлікке де үлкен міндет жүктейтінін атап өтті.

    Тоқаев оқу орны сапалы білім беретін, ғылыми зерттеулер жүргізетін және бүкіл оңтүстік өңірдің зияткерлік дамуына үлес қосатын орталыққа айналуы тиіс екенін жеткізді.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Бас мүфти Астанадағы асабаларды жинап, тойдағы әдепсіз ойындарға қатысты ескерту жасады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Токаев Оңтүстік Қазақстан университетіне ұлттық мәртебе беру туралы шешім қабылдады

    Бас мүфти Астанадағы асабаларды жинап, тойдағы әдепсіз ойындарға қатысты ескерту жасады

    Петропавлда ащы кеспе мен энергетик ішкен ер адам жансақтау бөліміне түсті

    Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе рейсі 2027 жылдың соңында іске қосылады

    Астанада тұман, Шымкентте жаңбыр: синоптиктер ауа райына болжам жасады

    Атыраудағы BINOM мектебінде жаппай итеріс салдарынан оқушылар жарақат алды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.16 ₸
    EUR EUR 487.29 ₸
    RUB RUB 5.4 ₸

    © 2025 TauNews