Атыраудағы BINOM мектебінде эвакуация кезінде бірнеше оқушы жарақат алды
Атырау қаласындағы JAIYQ BINOM мектебінде жоспарлы эвакуация барысында оқушылар арасында дүрбелең туып, бірнеше бала жарақат алды. Оқиғаға байланысты білім беру ұйымының әкімшілігі ресми түсініктеме берді.
Мектеп мәліметінше, оқиға кеше ұйымдастырылған оқу-жаттығу эвакуациясы кезінде болған. Оқушылар сыртқа шығуға дайындалып, сырт киімдерін алуға ұмтылған сәтте бір-бірін итеріп, салдарынан кейбір балалар көпшіліктің арасында қысылып қалған.
Оқиғадан кейін зардап шеккен оқушыларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ олардың ата-аналарына хабар берілген.
Мектеп әкімшілігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты. Оқиға мектеп басшылығының бақылауына алынған.
Қазір жағдайдың туындау себептері анықталып жатыр. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мектеп өкілдері мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін эвакуация жоспарын қайта қарап, оқу-жаттығуларды өткізу тәртібін күшейтуге уәде берді.
USD