18 Қараша 2026, Сәрсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.16 ₸
    EUR EUR 487.29 ₸
    RUB RUB 5.4 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Тоқаев Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновпен кездесті

    18 Қараша, 2026
    Тоқаев Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновпен кездесті

    Тоқаев Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновпен сот саласындағы ынтымақтастықты талқылады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновты қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасындағы құқық саласындағы байланыстарды нығайту және сот жүйесін дамыту мәселелері сөз болды.

    Ақорданың мәліметінше, Президент Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың тарихи сабақтастыққа, тату көршілікке және халықтар арасындағы өзара құрметке негізделгенін атап өтті.

    Сондай-ақ Мемлекет басшысы екіжақты байланыстардың стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтерілгенін айтып, бұл ынтымақтастықтың құқық саласын қоса алғанда, барлық бағытта дамып келе жатқанын жеткізді.

    Кездесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы мемлекеттік-құқықтық жүйені жаңғыртуға бағытталған саяси реформаларға да тоқталды.

    Өз кезегінде Игорь Краснов Қазақстанның сот органдарымен өзара іс-қимылдың белсенді дамып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, екі елдің жоғары сот органдары тарихта алғаш рет ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.

    Құжат кәсіби тәжірибе алмасуға, сот төрелігі жүйесін цифрландыруға және жасанды интеллект технологияларын енгізуге мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар Ресей Жоғарғы сотының төрағасы ғылым мен білім беру салаларындағы байланысты кеңейтуге қызығушылық білдірді. Атап айтқанда, сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және цифрлық дағдыларын дамыту бағытындағы бірлескен жұмыстарға назар аударылды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстандағы балалардың 7,1%-ы жыныстық сипаттағы хабарламалар алады: депутат дабыл қақты

    Келесі жазба

    Атыраудағы BINOM мектебінде жаппай итеріс салдарынан оқушылар жарақат алды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Атыраудағы BINOM мектебінде жаппай итеріс салдарынан оқушылар жарақат алды

    Тоқаев Ресей Жоғарғы сотының төрағасы Игорь Красновпен кездесті

    Қазақстандағы балалардың 7,1%-ы жыныстық сипаттағы хабарламалар алады: депутат дабыл қақты

    Қазақстанда 5 мыңнан астам оқырманы бар анонимді аккаунттарды міндетті тіркеу ұсынылды

    Құрылтай ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеруді көздейтін заңды қабылдады

    Қазақстанда әлеуметтік желіде жала жапқандарға заң бойынша жауапкершілік енгізілуі мүмкін

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Пайдаланушы келісімі
    • Сайт материалдарын пайдалану қағидалары

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 444.16 ₸
    EUR EUR 487.29 ₸
    RUB RUB 5.4 ₸

    © 2025 TauNews