Астанада күн жылынады, Алматыда жауын-шашын болмайды, ал Шымкентте жаңбыр жауады
Алдағы үш күнде Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы әртүрлі болады. Астанада ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, түнгі аяз әлсірейді. Алматы тұрғындарын негізінен жауын-шашынсыз күндер күтсе, Шымкентте жаңбыр жауып, желдің екпіні күшеюі мүмкін.
Астанада ауа температурасы +7 градусқа дейін көтеріледі
19 қарашада елордада күн құбылмалы бұлтты болады. Жауын-шашын болжанбайды. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрді құрайды. Түнде ауа температурасы -4…-6, күндіз +1…+3 градус болады.
20 қарашада да жауын-шашын күтілмейді. Түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 метр болады. Түнде -2…-4, күндіз +3…+5 градусқа дейін жылынады.
21 қарашада елордада күн ала бұлтты болып, жауын-шашынсыз өтеді. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы -1…-3, күндіз +5…+7 градус болады.
Алматыда үш күн бойы жауын-шашын болмайды
19 қарашада Алматыда күн құбылмалы бұлтты болады. Жаңбыр жаумайды. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрді құрайды. Түнде ауа температурасы +2…+4, күндіз +12…+14 градус болады.
20 және 21 қарашада да қалада жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнгі температура +5…+7 градус болса, күндіз ауа +13…+15 градусқа дейін жылынады.
Шымкентте жаңбыр мен екпінді жел күтіледі
19 қарашада Шымкентте күн құбылмалы бұлтты болып, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 8–13 метр жылдамдықпен соғады. Кей уақытта жел екпіні 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде +6…+8, күндіз +18…+20 градус болады.
20 қарашаға қараған түні және таңертең жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 8–13 метрді құрайды. Түнгі және таңғы уақытта екпіні 15–20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +18…+20 градус болады.
21 қарашада да Шымкентте мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады. Күн құбылмалы бұлтты болады. Желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетіп, кей уақытта екпіні 15–20 метрге дейін күшеюі ықтимал. Түнде ауа температурасы +11…+13, күндіз +18…+20 градус шамасында болады.
USD