Алматыда 61 жастағы ер адамның өліміне байланысты төрт адам ұсталды. Әлеуметтік желіде тараған видеода бірнеше ер адамның марқұмның денесін қара пакетпен жауып, алып шыққаны көрсетілген. Оқиғаға қатысты полиция ресми түсініктеме берді.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның көршілері күмәнді жағдайды байқап, полицияға хабарлаған. Құқық қорғау органдары қылмыстың мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында күдіктілердің кім екені және марқұмның пәтерін заңсыз иемдену ықтималдығы да тексеріліп жатыр.
Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
Полицияның хабарлауынша, істі тергеуге Ішкі істер министрлігінің тәжірибелі қызметкерлерінен құралған арнайы тергеу-жедел тобы тартылған. Тергеу барысы министрдің жеке бақылауында.
Қылмыстық істің тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.
USD