4 Мамыр 2026, Дүйсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Алматыда үш қылмыстық топ қолға түсті: олардан жарты тоннадан астам есірткі тәркіленді

    13 Қазан, 2025
    Алматыда үш қылмыстық топ қолға түсті: олардан жарты тоннадан астам есірткі тәркіленді

    Фото: ҚР ІІМ

    Алматыда заңсыз айналымнан 525 келіден астам есірткі заты алынып, есірткі саудасына қатысы бар үш ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

    Есірткімен күрес – басты басымдық

    ІІМ мәліметінше, есірткі қылмыстарымен күрес мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидаты және Профилактика жылы аясында жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

    «Біздің негізгі мақсатымыз – азаматтардың, әсіресе жас ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау, қоғамды есірткі қауіпінен қорғау», – деді Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

    Оның айтуынша, биыл тоғыз айда Алматыда 500-ден астам есірткі қылмысы анықталып, заңсыз айналымнан 52 келі синтетикалық есірткі мен 3 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленген.

    255 млн теңге мемлекет кірісіне өткізілді

    Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған 255 миллион теңгеден астам ақша мен мүлік мемлекет кірісіне аударылды.

    Полиция екі есірткі зертханасының қызметін тоқтатып, есірткі өткізумен және таратумен айналысқан үш қылмыстық топты анықтады.

    Цифрлық технологиялар арқылы қылмыскерлер ізін кесу

    Қазіргі уақытта полиция Ұлттық банк пен Мәдениет және ақпарат министрлігі бірлесе отырып, заманауи цифрлық құралдарды белсенді қолданып отыр.

    Нәтижесінде, 1,5 мың отандық және 5 мыңнан астам шетелдік банк картасы, 312 криптоәмиян бұғатталды; 68 миллион теңге көлеміндегі күдікті операциялар тоқтатылды; есірткі жарнамалаған 2200 интернет-ресурс, оның ішінде 27 Telegram-арна бұғатталды.

    Алдын алу және түсіндіру жұмысы

    Жыл басынан бері 700-ден астам кездесу мен түсіндіру іс-шарасы өткізіліп, жастар мен ата-аналарға есірткінің зияны түсіндірілді. Қала көшелерінде есірткі жарнамалары боялып, әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп жатыр.

    «Есірткіге қарсы күрес тек полицияның емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Ата-аналардан бастап педагогтар мен БАҚ өкілдеріне дейін бірігіп әрекет етуіміз қажет», – деді Қуатбек Науатов.

    Есірткіге қарсы күрес – қоғамның ортақ міндеті

    Алматы полициясы бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра беретінін, басты басымдық жазалау емес, алдын алу және түсіндіру шараларына берілетінін атап өтті.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Қазақстандағы көңіл көтеру орындарында ішімдік сатуға шектеу енуі мүмкін

    Келесі жазба

    Астанада араққа тойып алған ер адам жедел жәрдем көлігінің терезесін сындырып тастады

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Пентагон Ирандағы соғыс шығындары туралы алғашқы ресми есепті жариялады

    Ержан Бабақұмаровты өлтірген қылмыскер 11 жылға сотталды

    Алматыда келесі жылы жеңіл көліктерге қойылатын талаптар күшейеді

    Алматыда жігіттер 32 жасында, ал қыздар 29 жасында отбасын құрады – статистика

    Астанаға Ресейдің сыртқы істер министрі келді

    Ақмола облысындағы сүт кәсіпорнында жарылыс болып, екі адам оңбай күйіп қалды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 462.91 ₸
    EUR EUR 542.16 ₸
    RUB RUB 6.16 ₸

    © 2025 TauNews