11 Желтоқсан 2025, Бейсенбі
  • +7 (701) 024 33 00
  • E-mail: info@taunews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 518.39 ₸
    EUR EUR 603.09 ₸
    RUB RUB 6.68 ₸
    Погода в Алматы
    Погода
    Погода в Алматы на 2 недели
    TauNews.kz
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Кіру
    TauNews.kz
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету

    Астанадағы стадион құрылысына 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

    12 Наурыз, 2025
    Астанадағы стадион құрылысына 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

    Астанадағы Қ. Мұнайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан  17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.

    Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Қазіргі таңда ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңында аяқталады деп жоспарланып отыр.

    Спорт нысаны қозғалыс мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды қоса алғанда, 3598 орынға есептелген. Стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана қаласы әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру жоспарланып отыр.

    Жаңа стадион оқу-жаттығу жиындары үшін қолданысқа беріледі. Оны пайдалануға берілуі оқу-жаттығу үдерісін жақсартуға, спортшыларды дайындауға оңтайлы жағдай жасауға және олардың нәтиже көрсету мүмкіндігін арттыруға септігін тигізеді.

    Бүгінде түрлі өңірлерде әлеуметтік маңызы бар 16 нысан салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 82 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Атап айтқанда, 1 музыкалық мектепті қосқанда 7 мектеп, 2 спорт кешені, көпсалалы аурухана кешені, облыстық жедел жәрдем стансасы, Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, жатақхана және 2 балабақша бар. Сонымен қатар қаражат Қызылорда облысындағы Арал ауданында сумен жабдықтау жүйелерін салуға және жаңғырту жұмыстарына бағытталды.

    БөлісуТвитергеБөлісуБөлісуЖолдау
    Алдыңғы жазба

    Тоқаев Әзербайжанның Сыртқы істер министрін қабылдады

    Келесі жазба

    Такси қызметі тағы да қымбаттайды

    Пікір қалдыру Жауапты болдырмау

    Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

    Қазақстанда ұлттық чип дизайн орталығын құру ұсынылды

    Мектепке аяқастынан тексеріспен барғандар бірден айыппұл салмайды – депутат

    Моңғолиядан келген қандастар енді зейнетақы қорындағы ақшасын Қазақстанға аудара алады

    Темірлан Анарбеков УЕФА марапатына ие болды

    Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

    Ақтауда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

    Instagram Facebook Youtube Telegram
    TauNews

    Яндекс.Метрика
    • О нас
    • Реклама
    • Пользовательское соглашение
    • Правила использования материалов сайта

    Қош келдіңіз!

    Төмендегі тіркелгіңізге кіру

    Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

    Құпия сөзді қалпына келтіру

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Кіру
    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көрсету
    • ҚАЗ
    • РУС
    • Жаңалықтар
    • Бейнероликтер
    • Арнайы жобалар
    USD USD 518.39 ₸
    EUR EUR 603.09 ₸
    RUB RUB 6.68 ₸

    © 2025 TauNews