Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрт адамды өлтірді деген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті өмір бойына соттады.
Бұндай үкімді аса ауыр қылмыстарды қарайтын судья Зарема Хамидуллина шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың желтоқсан айында полицияға 66 жастағы ер адамның, 64 жастағы әйелдің, сондай-ақ олардың балалары – 32 жастағы ұлы мен 35 жастағы қызының хабар-ошарсыз кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Туыстарының айтуынша, отбасы қараша айынан бері байланысқа шықпаған. Төртеуі де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеуге жарияланды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу тобы құрылған.
USD